Елімізде қоқыстың 10 пайызы ғана өңделеді
Елімізде қоқыстың 10 пайызы ғана өңделеді. Оның ішінде пластик қаптамалар өңделмейтін заттардың санатына жатқызылған. Сол үшін әлемнің көптеген елінде пакет пайдалануға тыйым салынған еді. Ал, дәл осы полиэтиленді қаптамалар арқылы алматылық суретші картина салады. Мұндағы мақсат – жер бетіндегі әр адам экологиялық жауапкершілікті сезіну, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Менің қолымда күнделікті тұрмыста пайдаланатын қарапайым полиэтилен пакеттері. Біз бұл қалташаларды қолданып болған соң, қоқысқа лақтырып тастайтынымыз анық. Ал Сауле Сүлейменова қажетсіз заттарды керемет ғажап дүниелерге айналдырады.
Майлы бояумен кенеп, пакет пен ыстық желімге алмастырылған. Себеп қалдықтар қоғамды ластайды, екіншіде экологияға зиянды және олар көптеген жылдар өтсе де, жер бетінен жоғалып кетпейтінін көпшілікке жеткізу.
«Пакет мұнайдан жасалады. Өзіңіздің қоқыс жәшігіңізге қарасаңыз, мыңдаған қоқысты көресіз. Біз оларды бүктеп қойамыз немесе лақтырып тастаймыз. Осыдан кейін маған, пакеттерден сурет салу ойыма келді», – деді суретші Сәуле Сүлейменова.
Қылқалам орнына пакетті серік еткен суретші, қазақ халқының тарихын да қағаз бетіне түсіріп келеді. «Қалдық естелік» деп аталатын өнер жобасында, ашаршылық уақытында жеуге бір түйір нан таппаған бұқараның базынасын бейнеленген.
«Бір рет қолданылған пластик қалдықтары жер бетінен жойылмайды ғой, сол секілді тарихта біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады. Сол үшін біз ашаршылық, Желтоқсан сынды оқиғаларды жиі айтып, ұмытпауымыз қажет», – деді суретші Сәуле Сүлейменова.
Көркем өнердің шыңына беттеген қылқаламшы өз еңбектері арқылы туған жерді сүйіп, тарихты білуге, қоршаған ортаны аялауға шақырады. Өнер өте нәзік күш болғанымен, әлемді өзгертуге қауһары бар дейді.
Айзада Бидан, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы