Алматыдағы Қарғалы өзенін көбік басты: Сынама қорытындысы 3 күннен кейін белгілі болады

Алматыдағы Қарғалы өзенін көбік басты: Сынама қорытындысы 3 күннен кейін белгілі болады
Бірі өзен бойына кілем жуған десе, енді бірі табиғатқа зиян келтіргендерді сынап жазған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарғалы өзенінен аққан ақ көбіктің қайдан және қалай пайда болғаны 3 күннен кейін белгілі болады. Қалалық Экология департаменті мамандары өзеннен сынама алып, оған зерттеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Бірі өзен бойына кілем жуған десе, енді бірі табиғатқа зиян келтіргендерді сынап жазған.

Бұл – кеше кешке әлеуметтік желіге жарияланған бейнеролик. Видеода Қарғалы өзенінен ақ көбік ағып жатқанын байқауға болады. Қалалық Экология департаментінің мамандары бейнероликті көре сала өзенді тексеруге барған. Алайда ол уақытта ешқандай ақ көбік байқамаған. Дәл қазір оның қайдан және неден пайда болғаны анықталып жатыр. Егер кінәлі табылса, жауапкершілікке тартылады.

«Сынақ зертхана мамандары өзеннің екі нүктесінен су сынамаларын алып, зертханаға жіберілді. Оның қорытындысы 3 күннен кейін дайын болады. Нәтижесімен бөлісетін боламыз. Департамент қызметкерлері санитарлық эпидемиологиялық мамандар және төтенше жағдай қызметкерлері, ҚазТелеЗащита мамандары мекемесінің қызметкерлерімен өзен аңғарының барлық нүктелерінде анықтау шаралары жүргізіліп жатыр», – деді қалалық Экология департаментінің инспекторы Дінмұхамед Лесбеков.

Бейнеролик әлеуметтік желіге жарияланғаны сол еді, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Ал, мамандар тұрғындарға нақты зерттеу нәтижесі шықпай, түрлі қауесет сөздерге даурықпауын сұрайды.

Өздеріңіз көргендей, Қарғалы өзенінің айналасы толған жер үйлер. Кеше мұнда сабын иісі мүңкіген көбіктің пайда болу себебін біреулер кілем әкеліп жуды десе, енді бірі мүлде басқаша қауесет таратып жүр. Жауапты мамандар Қарғалы өзенінен сынама алды. Қазір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БЛИЦ:

– Адамдарға өзен айналасына кілем жууды қою керек қой. Масқара, не сұмдық?

– Бұл да бір қазіргі қауіпті індеттің бір кесірі емес пе екен?

– Адамдар табиғатты қорғап, жанашырлық танытуды ұмытқан. Азда болса, жауапкершілікпен қараса қайтеді екен?

Жалпы, қала бойынша 49 өзен бар. Олардың көпшілігі осындай үйлердің арасымен ағады екен. Ал бесеуі Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қарғалы, Боралдай және Есентай үлкен өзен санатына кіреді.  

Ұлағат Арғын, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров