Үкімет отандық тауарларды өткізуге және экспорттауға кедергі келтіретін талаптарды қайта қарайды

04.08.2026 12:55
UKIMET

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтарға шығуы үшін түсінікті әрі ашық талаптар қалыптастыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Отандық өндірушілер өз өнімдерін өткізу кезінде негізсіз әрі басы артық әкімшілік талаптарға тап болмауы тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.


Сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, отандық тауарларды өткізуге және экспорттауға кедергі келтіретін талаптар мен шектеулерді қайта қарап, оларды жою жөнінде нақты шаралар қабылдасын.

«Барлық талап бір құжатта жинақталып, жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйеде нақты көрініс табуы тиіс»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.