2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 миллиард теңге бөлінді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 шілдедегі орташа зейнетақы мөлшерін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша, қазақстандықтарға 1,4 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. 2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 миллиард теңге бөлініп, оның 79,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 182,6 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға жұмсалған.
"2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны - 2 миллион 247 мың адам. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 117 469 теңге", - делінген хабарламада.