Әлем індетпен күресіп жатқанда, мұнайлы елдер өзара келісе алмай әлек. Мәселен, ОПЕК отырысында қара алтынды өндіруді шектеу туралы ұсыныстың Қазақстан үшін екіжақты тұсы бар. Ол қандай? Ал, шектеу қойылса, елдегі жаңа ашылып жатқан мұнай шығаратын орталықтар тақырға отыруы мүмкін. Яғни, инвесторлар өздері құйған қомақты қаржыны шығара алмай қалады, дейді сарапшылар. ОПЕК елдерінің соңғы отырысындағы келісім жөнінде Almaty.tv эфирінде GSB UIB директоры, экономист Мақсат Халық мырзаның пікірін білмекшіміз.
– Қайырлы кеш, Мақсат мырза. ОПЕК-ке мүше елдер неліктен өзара бір шешімге келе алмады? Мұнай шығарудың көлемін шектеу әлем экономикасына қалай әсер етеді?
– Қайырлы кеш! ОПЕК ұйымы бұл үлкен картель. Негізінен осы мұнай нарығындағы бағаларды реттеу үшін құрылған. Кейінгі жылдарда ОПЕК-тің жалғыз өзінің күші көп жағдайда жетпегендіктен, ОПЕК+ келісіміне жүзеге асыра бастады. Осы жаздың өзінде Мексика басқа позицияны ұстаған болатын. Сондықтан да уақыт өте келе олардың бір келісімге келуі өте қиындап келе жатқан жағдайы бар. Бірақ енді барлығы әйтеуір бір келісімге келіп, мұнай өндіру көлемін шектейтін болса, әрине, бұл мұнай нарығындағы бағалардың нақты тұрақтауына септігін тигізеді. Себебі әлемге мұнай өндіру көлемі қысқарғаннан кейін әлемге мұнайды ұсыну процессі азаяды. Тиісінше, ол бағалардың тұрақты болып тұруына қатты төмендеп кетпеуіне оңтайлы әсерін тигізеді. Мұнайлы елдердің экономикасына бір жағынан айтқан кезде дұрыс ықпалын, оң ықпалын тигізіп отыратын болады.
– Осы мұнайды шығаруды шектеу туралы келісімді көптеген елдер қолдады. Оның қатарында Ресей де бар. Бірақ Қазақстан мен Біріккен Араб әмірліктері қарсылық білдіріпті. Мұнда қандай себеп бар?
– Сұрақ өте орынды. Бірден айтайық, бұл жерде Ресей мемлекеті қолдап отырған процессті көріп отырмыз. Өйткені алдағы уақытта мұнай нарығында мұнай бағасының кішкене жоғары болып тұрғаны Ресей үшін тиімді. Әрине, егер мұнай нарығында бағалар тұрақты әрі жоғары болса, Қазақстан үшін де тиімді болар еді. Бірақ Қазақстан және Біріккен Араб әмірліктері қарсы болып жатыр деген ақпарат шықты. Қарсы болуының негізгі себебін мен былай топшылаймын. Бұл мемлекетте шетелдік компаниялар көп жұмыс жасайтын. Мұнайды өндіретін және оны импорттауға үлес қосатын. Қазақстан өзі ықыласты болғанымен, бағаларды төмендетуге байланысты қызығушылардың қақтығысуы орын алуы мүмкін. Мұнай өндіру көлемін қысқарта беру – бұл Қазақстан үшін оңайға соғып жатқан жоқ. Сондықтан да осы жағынан келген кезде қарсылық білдіруі негізі осы деп білемін.
– Жақсы, Мақсат мырза. Тұщымды ақпаратыңыз үшін алғыс білдіреміз! Ертең тағы келіссөздер жалғасады екен. Еліміз үшін оңтайлы шешім қабылданар деп сенеміз.