Brent маркалы мұнайдың бағасы 31 доллардан асты

06.05.2020 13:25

WTI маркасы фьючерсінің бағасы 26,48 доллар (+16,24%) болып тұр

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы шілде айындағы жеткізілімдер бойынша 14,12 пайызға өсіп, барреліне 31,04 доллар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы рет Brent мұнайының бағасы 14 сәуірде 31 доллардан жоғары болды. WTI маркасы фьючерсінің бағасы 26,48 доллар (+16,24%) болып тұр.