Meta корпорациясының акциялары 13% өсті
ашық дереккөз
Агенттіктің мәліметінше, Meta-ның құнды қағаздарының өсуіне компанияның желіні белсенді қолданушылар туралы тоқсанаралық есебі себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Америкалық Meta корпорациясының акциялары 13% өсті. Таңқаларлығы биыл коропрацияның тоқсандық кірісінің өсімі соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішті, яғни 7% ($27,91 млрд) көрсеткен. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарақа сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, Meta-ның құнды қағаздарының өсуіне компанияның желіні белсенді қолданушылар туралы тоқсанаралық есебі себеп болған. Онда корпорация платформасында жылына 1,96 млрд адам пайлдаланатыны айтылған. Бұл көрсеткіш сарапшылардың алдын ала болжамдарынан да асып түсті. Ал бұл жарнама берушілер үшін ең маңызды көрсеткіш.
Нью-Йорк қор биржасының көрсеткіштері бойынша, 27 сәуірде сауданың жабылуы алдында Meta-ның акциялары 13% артқан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 09:08
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
10.10.2026 15:10