Meta корпорациясының акциялары 13% өсті

28.04.2022 13:51

Агенттіктің мәліметінше, Meta-ның құнды қағаздарының өсуіне компанияның желіні белсенді қолданушылар туралы тоқсанаралық есебі себеп болған

ашық дереккөз

Америкалық Meta корпорациясының акциялары 13% өсті. Таңқаларлығы биыл коропрацияның тоқсандық кірісінің өсімі соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішті, яғни 7% ($27,91 млрд) көрсеткен. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарақа сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, Meta-ның құнды қағаздарының өсуіне компанияның желіні белсенді қолданушылар туралы тоқсанаралық есебі себеп болған. Онда корпорация платформасында жылына 1,96 млрд адам пайлдаланатыны айтылған. Бұл көрсеткіш сарапшылардың алдын ала болжамдарынан да асып түсті. Ал бұл жарнама берушілер үшін ең маңызды көрсеткіш.

Нью-Йорк қор биржасының көрсеткіштері бойынша, 27 сәуірде сауданың жабылуы алдында Meta-ның акциялары 13% артқан.

Теги: желі