Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу енгізді

izmacity.com
izmacity.com
Қазақстан осы кезеңде 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна ұн сата алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан бидай мен ұнды экспорттауға 15 маусымға дейін шектеу енгізеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, экспортты шектеу туралы шешім ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданған.

"Қазір ережелерді келісу процедурасы жүріп жатыр. Жақын арада, менің ойымша, екі апта ішінде шектеу енгізіледі. Біз оны 15 маусымға дейін енгізуді ұсындық. Ведомствоаралық комиссияда шешім қабылданды – 15 маусымға дейін", - деді Қарашөкеев мәжіліс кулуарында.

Қазақстан осы кезеңде 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна ұн сата алады. Бірақ өндірушілер ішкі нарықты елден шығарылатын көлемнің 10%-імен қамтамасыз етуге міндетті.

Министр бұл ұн мен бидай экспорттайтындардың құқығын шектемейтінін атап өтті.

Өйткені соңғы бес жылда орташа есеппен айына 100-120 мың тонна ұн сыртқа шығарылған.

Сол себепті 300 мың тонна ұн көлеміндегі квота экспоорттаушыларға шығын келтірмейді, деді Қарашөкеев.

Новости партнеров