Brent мұнайының бағасы 97 доллардан асты

22.02.2022 14:28

Мұндай баға соңғы жеті жарым жылдың ішінде алғаш рет тіркеліп отыр

© Sputnik / Фотобанкке өту

Әлемдік мұнай бағасы қымбаттап, Brent маркалы мұнайдың құны 2014 жылдың 30 қыркүйегінен бері алғаш рет барреліне 97 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы барреліне 97,38 долларға дейін, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері барреліне 93,31 долларға дейін өсті.

Теги: баға