|
17.02.2021 | 09:33
803

Илон Маск ең бай адам атағынан айырылып қалды

Amazon негізін қалаушы Джефф Безос көш бастады

Илон Маск ең бай адам атағынан айырылып қалды Mike Blake/Reuters

Бір айдан аса уақыт бойы әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орында болған SpaceX пен Tesla компаниясының басшысы Илон Маск екінші орынға түсіп, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос көш бастады. Бұған Блумберг агенттігі есептеген Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Безостың байлығы – 191 миллиард, Масктың байлығы – 190 миллиард доллар. Осылайша, Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін ұстап тұрған бірінші орнын қайтарып алды. Соңғы бір айда Илон Маск тізімде көш бастап тұрған.

Үшінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 137 миллиард долларға бағаланған, тізімдегі төртінші адам – Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно (116 миллиард). Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергтің байлығы 104 миллиард долларға бағаланып, ол бесінші орында тұр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

байлық
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир