2023 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,1%-ға өсті. Бұл туралы Алматы Экономика басқармасы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнеркәсіптік өндіріс саласында 1639,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 18,9%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 18,6%-ға өсті. Құрылыс саласындағы көрсеткіштердің 1,9%-ға өсуі байқалады, жыл басынан бері 1860,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 19,9%-ға өсті.
Сауда 14,5%-ға, оның ішінде бөлшек сауда 7,1%-ға және көтерме сауда 17,2%-ға өсті. Байланыс қызметтері 3,1%-ға өсті.
Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерінсіз) 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 29,9% өсіп, 18,6 млрд АҚШ доллары болды. Экспорт 21,8% өсіп, 3,4 млрд АҚШ долларын, импорт 31,8%-ға артып, 15,2 млрд АҚШ долларына жетті.