Әлемдік қор биржасында мұнай бағасы өсіп жатыр
Әлемдік жетекші мұнай биржаларында қара алтын құны көтеріліп келеді. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың бағасы 6 наурыздан бері бірінші рет 43 доллардан асты. Ал WTI маркалы мұнайдың баррелі 40,22 доллардан саудаланып жатыр. Оған не себеп? Сарапшылардың ойы қандай? Қазақстанға нендей пайдасы бар? Almaty.tv эфирінде экономист Мақсат Халықтың пікірін тыңдап көрейік.
«Мұнай нарығында бағалардың оралып, қалыпқа келе бастаған жағдайын көріп отырмыз. Оған негізгі әсер етіп отырған фактор – ОПЕК+ отырсының жаңа келісімі. Соңғы болған ОПЕК+ келісімі бойынша дәл осы маусым айынан бастап 2 млн баррельге тәулігіне мұнай өндіруді ұлғайту көзделген еді. Бірақ бұл келісімді шілде айының соңына дейін ұзартты. Тиісінше брент маркалы мұнайдың, барреліне 40 доллардың үстіне оралғанын көріп отырмыз. Ұзақ мерзімде осы баға сақталатын болса, бұл біздің Қазақстан экономикасы үшін және теңгеміз үшін оңтайлы әсерін тигізетін болады», – деді GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат ХАЛЫҚ.