Соңғы рет Brent бағасы 2019 жылдың cәуірінде барреліне 75 долларға көтерілген болатын
Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 2019 жылдан бері алғаш рет $75-дан жоғары көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ұлттық банк Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы 0,16% - ға өсіп, барреліне 75,02 долларға жетті. Соңғы рет Brent бағасы 2019 жылдың cәуірінде барреліне 75 долларға көтерілген болатын. WTI маркалы мұнай бір баррелі үшін 73,14 (+0,03%) долларға қымбаттап отыр.