Бірақ банк өнімдерінің барлық шарты клиенттер үшін өзгеріссіз қалады
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Альфа-Банк Қазақстанның» 100% жай акциясын сатып алу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
"Қайта тіркеу рәсімдерінен кейін банк жаңа брендпен ECO BANK болып жұмыс істейді. Толық атауы - "ECO BANK" еншілес банкі" АҚ-сы", – делінген банк ресми хабарламасында.
Банктің бұрынғы қызметтері өзгермейді. Ал оны SDN тізімінен шығарғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің толық кешені қолжетімді болады.
ЦентрКредит Банкінің «Альфа-Банкті» сатып алу мәмілесі қаржы институтының жеке қаражаты есебінен қаржыландырылғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта толығымен қазақстандық қаржы орталығына айналдыру бойынша ребрендинг жұмыстары басталып кетті.