Тәулігіне 45 мың баррельге жеткізді: Қазақстан мұнай өндіруді азайтады

12.06.2024 15:27

Өз міндетін асыра орындады

elements.envato.com

Қазақстан мамырда Қазақстан Республикасының ОПЕК келісімі бойынша міндеттемелерін асыра орындауына байланысты мұнай өндіруді азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, келісіммен бекітілген тәуелсіз дереккөздердің бағалауы бойынша Қазақстан мамырда өз міндеттемелерін тәулігіне 45 мың баррельге асыра орындаған. 

"Қазақстан осы артық өндірісті өтейді және қосымша ерікті қысқартуларды қоса алғанда, маусым айында міндеттемелерді толық орындайды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 2024 жылдың басынан бастап 2025 жылдың қыркүйектің соңына дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлемді өтейді", - делінген хабарда. 

Министрліктің баспасөз қызметі алдағы күндері ОПЕК хатшылығына өтемақы төлеудің жаңартылған кестесін ұсынатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:Қыс қамыңды жаз ойла: ҚР Үкіметі еліміздегі үш қаланың жылу жүйесін салуға 9 млрд теңге бөлді