Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

14.02.2019 15:39

Лондондағы ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,99 долларға артып, 63,6 долларды құрады

МИА «Казинформ»

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,99 долларға артып, 63,6 долларды құрады.  

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,8 долларға қымбаттап, бір баррелі 53,9 доллар болды.