Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді

10.08.2021 15:44

Алып-сату бағасы бір айда 1,1% қымбаттады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда абаттандырылған үйлерді алып-сату бағасы бір айда 1,1% қымбаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бір айда, яғни 2021 жылғы шілдеде 2021 жылғы маусымға қарағанда: 

  • - абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы – 1,1% өсіп, бір шаршы метрінің бағасы 339 935 теңгені құрады; 
  • - жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,4% қымбаттап, бір шаршы метрі 270 368 теңге болды; 
  • - абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу 0,6% қымбаттап, бір шаршы метрі үшін төлем 1775 теңгені құрады.