Арзан жанармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр – Әлихан Смайылов

YouTube
YouTube
Үкімет басшысы жанар-жағармай бағасына қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жанар-жағармай бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

«Кеше Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармай бағасының өсетінін мәлімдеді. Осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Яғни, бағаны қайта қарамасақ, онда жақында мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз. Бізде дизель отынын қолдану жылына бір адамға 300 литрден келеді. Ал Ресейде бұл көрсеткіш - 225 литр, Қырғызстанда - 90 және Өзбекстанда - 44 литр. Мемлекет жанар-жағармай өндірісін ұлғайту бойынша тиісті шаралар қабылдауда. Соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, ал дизель отыны 33 пайызға өсті», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасай тұрып.

Оның айтуынша, мұнай компаниялары жоғары қарқынмен жұмыс істеп жатыр.

«Дегенмен жанар-жағармай нарығында тапшылық мәселесі азаяр емес. Қазақстандық арзан жанар-жағармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр. Осылайша отандық арзан жанар-жағармай өз мүддемізге емес, көрші мемлекеттердің экономикасына жұмыс істеп отыр», - дейді Прьемер-Министр.

Ал Сауда министрі Серік Жұманғарин жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасының көтерілуіне айтарлықтай әсер етпейтінін айтты. Дегенмен баға өсімі тауардың түріне қарай ықпал етуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, қант - 5 процентке, ал күнбағыс майы - 2,4 пайызға қымбаттайды деген болжам бар. Құны шамамен 15-17 теңгеге өсуі мүмкін. Ал шаруаларға дизель отыны 204 теңгеден берілгендіктен, бұл баға өзгермейді.

«Қазір егін кезінде 413 мың дизель отыны бөлінді. Ол 204 теңгемен беріліп жатыр. Ол қымбаттамады. Сол себепті әсер етеді деп ойламаймын. Мысалы жұмыртқа мен тауық етін алсақ, оның құнында жанармайдың үлесі екі пайыз болады», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.


Новости партнеров