Алматының Алатау ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 32,8 пайыз өсті

27.04.2023 16:06

Индустриялық аймақ Алматы экономикасын дамытуда драйверге айналды

inbusiness.kz

2023 жылдың І тоқсанында Алматы қаласының Алатау ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 32,8%-ға өскенін көрсетті. Инвестиция да 73,2%-ға өсті. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, Алматының индустриялық аймағын дамыту және бизнесті қолдау үшін қабылданған іс-шаралардың арқасында Алатау ауданының экономикасы оң динамиканы көрсетіп, мегаполистің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.