Бұл былтырғымен салыстырғанда алты пайызға көп
Бір жыл ішінде күнбағыс майының бағасы бірден 60,4 пайызға өсіп, 2021 жылдың маусымында күнбағыс майы Қазақстанның дүкендері мен базарларында литрі 713 теңгеден сатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері елімізде 93,3 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда алты пайызға көп. Тазартылған күнбағыс майының 76,9 мың тоннасы өндірілді. Былтырғымен салыстырғанда 37,4 пайызға артық.
2021 жылғы маусымда елдің базарлары мен дүкендерінде майдың орташа бағасы литріне 713 теңге болды. Түркістан тұрғындарына бір бөтелке май - литріне 773 теңгеден.
Қарағанды облысында бір жылда баға 80 пайызға өсті. Алматыда - 75,9 пайыз.