Тұрғын үй сатып алу бойынша қай өңір көш бастап тұр

08.04.2022 15:54
Депозитфоталар

2022 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша көрсеткіш ақпан айымен салыстырғанда 45,6% артты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғын үйді сатып алғандар ішінде Қарағанды облысының тұрғындары белсенділік танытты (11 444).

Келісімшарт саны ең аз өңір – Солтүстік Қазақстан облысы (1124).

Қазақстандықтарды көбіне көп пәтерлі тұрғын үй қызықтырған, соның ішінде 2 бөлмелі пәтерлер саны басым.