Неміс компаниялары инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік делегацияның сапары аясында Берлин қаласында (ГФР) бірқатар ірі неміс компаниялары басшыларымен кездесулер өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесулер барысында тараптар сауда-инвестициялық өзара іс-қимылдың басым бағыттарын дамыту мәселелерін талқылап, энергетика, тау-кен металлургия, агроөнеркәсіптік кешен және машина жасау салаларындағы келешегі бар жобалар туралы пікір алмасты.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары неміс бизнесі өкілдеріне Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайтуға үлкен көңіл бөлетінін айтып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.
Өз кезегінде неміс компаниялары өкілдері Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жоғары қызығушылық танытты.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі