Мемлекеттік кірістер комитетіне жағдайды бақылау тапсырылды
Құқық қорғау қызметі аясында Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқығына нұқсан келтіретін фактілерді анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бас көлік прокуратурасының дерегінше, 2022 жылдан бастап қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін төлем міндеттемелеріне өзгеріс енгізілді. Кәсіпкерлердің жекелеген санаты экологиялық төлемдерден босатылған. Өзгерістер жайлы білмей,төлем жасап жүрген кәсіпкерлер бар. Салық органдары өз кезегінде негізсіз шығынды болдырмау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген.
Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін "№3 Sk автовокзал паркі" ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 млн астам теңге төлеген. Сол сияқты басқа 2 203 кәсіпкер бюджетке негізсіз 2,4 млрд теңгеден жоғары қаражатты аударған.
- Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана, кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастағандығы туралы жеткізілді. Сонымен қатар көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталған, 500 артық кәсіпкерге шамамен 30 млн теңге қайтарылды, - деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Мемлекеттік кірістер комитетіне салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты бизнес қауымдастыққа тиімді жеткізу жөніндегі шараларды әзірлей отырып, осындай жәйттардың туындау себебін талдауды тапсырды.
Оқи отырыңыз: Алматының арнайы экономикалық аймағына 50 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды