|
16.03.2021 | 11:06
1061

Министр Атамқұлов 2 аптада орындауға тиіс тапсырмалар қандай

Биыл өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі көрсеткішінің өсуі 5,8% пайыз деңгейінде өсуіне қол жеткізуіміз керек

Министр Атамқұлов 2 аптада орындауға тиіс тапсырмалар қандай malim.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өндеу өнеркәсібін дамытуға қатысты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Биыл өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі көрсеткішінің өсуі 5,8% пайыз деңгейінде өсуіне қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ, осы жылы машина жасауда, қара металлургияда,  жеңіл өнеркәсіпте, фармацевтикада, тамақ өнімдерінің өндірісінде, құрылыс материалдарының өндірісінде өсуді әрі қарай қамтамасыз етуіміз қажет.

Биыл 1,9 трлн теңге сомасында 100 астам өңдеу жобасын енгізу керек. Бұл шамамен 12,5 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», – деді Мамин.

Сондықтан ол министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, 2 аптада мерзімінде жоспарланған жобаларды іске асыру бойынша жол карталарын әзірлесін деп тапсырды.

«Бұл саладағы барлық өсу көрсеткіштеріне қол жеткізуді және жобаларды іске қосуды қатаң бақылауды қамтамасыз етсін. Мемлекет басшысы Қазақстанды дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын бекітті, оның негізгі басымдығы «мықты экономика» құру болып айқындалды.  Стратегиялық салаларда ұлттық жобалар құрылатын болады.Мұнда өңдеу секторына ерекше назар аударылған. Сондықтан өндірістік процеске жаңа технологияларды енгізу бойынша әлемдік трендтерді ескеру маңызды», – деді Үкімет басшысы.

Ол министрлікке «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, цифрлық инновациялық шешімдерді пайдаланатын кәсіпорындарды қосымша ынталандыруды қарастыруды тапсырды.  

«Сондай-ақ өнімділігі жоғары секторларға жұмыс күшін көшіруді ынталандыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Көмірсутектерге әлемдік бағаның тұрақсыздығы технологиялық күрделі салаларға басымдық беріп отыр.Жол картасына сәйкес 2025 жылы экспортқа бағдарланған мұнай-газ-химия өнімінің өндірісін 9 есе өсіруді қамтамасыз ету керек», – деді Асқар Мамин.

Ал Нұрлан Ноғаев басқаратын Энергетика министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, биылғы жылы Атырау облысы мен Шымкентте 3 мұнай-газ химия зауытын іске қосуды тапсырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир