Қазақстандықтар балық өнімдерін аз тұтынады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтар балық өнімдерін аз тұтынады. Жыл сайын жан басына шаққандағы бұл көрсеткіш 4 келіден аспайды екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған нормадан бақандай 4 есеге төмен. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адамға жылына кем дегенде 16 келі балық өнімін тұтынуды ұсынады. Ресей мен Қытайда бұл норма 23-43 келіден асады екен. Ал бізде көрсеткіш тіпті төмен, себебі өнімнің бағасы қымбат.

«Айта кететін мәселе ішкі балықты тұтыну төмен деңгейде қалып отыр. Бұл көрсеткішті арттыру – балық шаруалығын дамытудағы басты міндет. Бұл ретте балық және балық өнімдері қымбат тұратындықтан халыққа қолжетімсіз. Сол себепті де бүгінгі мектепке дейінгі және орта оқу орындарында тамақтану рационында балық өнімдері берілмейді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев

Серікқали Брекешовтәі айтуынша, браконьерлерге жауапкершілікті күшейту керек. Заңсыз балық аулағандарға айыппұлды 2,5 есе көбейту көзделген. Ұсыныс әзірленіп жатқан жаңа Заң жобасына еңгізіледі, бір жыл ішінде қайта заң бұзса, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу қарастырылмақ.  

«Бұл – браконьерлікпен күрес, Мемлекет басшысы ҚЖТ Атырау және Маңғыстау облысында тұрғындармен кездесуінде назар аударды. Президент тапсырмасын орындау үшін біз браконьерлікке қарсы күресті күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылдадық. Ең алдымен балық инспекцияларын материалдық заманауи техникалық құралмен толық қамту жоспарланған», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Мәжіліс мінберінде Экология министрі Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылу себебін де түсіндірмек болды. Болжамынша, олардың өліміне күкіртсутегінің шығуы мүмкін. Соңғы аптада жағаға шығып қалған жануарлардың саны 141-ге жетіпті. Шұғыл шара қабылданып, арнайы комиссия жұмыс бастады.

Кәмшат Мұхамеджан, Ринат Өтеев, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы, Астана

Новости партнеров