|
19.12.2022 | 11:14
718

Қазақстандықтар онлайн саудаға тоғыз айда 3,8 млрд теңге жұмсады

Биыл қарашаның "жомарт жұмасын" және алдағы мерекелерді ескере отырып, транзакция саны одан да артады деп болжанып отыр

Қазақстандықтар онлайн саудаға тоғыз айда 3,8 млрд теңге жұмсады ашық дереккөзден

Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты. Биыл тоғыз айда онлайн тәсілмен 3,8 миллиард теңгеге төлем транзакциясы жүргізілді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 33,7%-ке артық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Мониторингтік компанияның ақпараты бойынша, қазақстандықтар интернет арқылы жиһаз, электроника, тұрмыстық техника, киім-кешек, үй және тұрмыстық тауарлар мен азық-түлік те сатып алады.

Мәселен, онлайн саудада ең көп сатылатын - киім мен спорттық тауарлар - 63,6%, ал екінші орында - азық-түлік өнімдері - 48,4%.

Сонымен қатар дәрі, косметика, үйде пайдалануға арналған тауарлар, кітап, журнал, газет, фильм, музыка да онлайн саудада жиі сатылады.

Сарапшылар былтыр 4 миллиардтан астам транзакция жасалғанын атап өтті. Биыл қарашаның "жомарт жұмасын" және алдағы мерекелерді ескере отырып, транзакция саны одан да артады деп болжанып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир