Қазақстанда бензин бағасы арзандады

 Bnews.kz
Bnews.kz
Жылдық бензин импорты 94%-ға қысқарып, 16,7 мың тоннаны құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда бензин өндірісі бір жылда 9%-ға өсті, деп хабарлайды Energyprom.kz.

«Қазақстанда биыл алғашқы төрт айда 1,2 млн тонна бензин өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артық. Дизель отынын өндіру көлемі 10,3%-ға өсіп, 1,6 млн тоннаға жетті», – делінген хабарламада.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары елдегі бензинге деген сұраныстың 98,2%-ын, дизель отынына деген сұраныстың 93,1%-ын қамтамасыз етіп отыр. Жылдық бензин импорты 94%-ға қысқарып, 16,7 мың тоннаны құрады. Ал экспорт бір жылда 11,2 есе артқанмен, оның көлемі әзірге 665,9 тонна ғана.

Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов шілде айында Қырғызстанға Қазақстан бензинінің алғашқы тоннасы жеткізілетінін айтты. Биыл мамыр айында елімізде ең сұраныс жоғары АИ-92 бензинінің жылдық бағасы 6,9% – 1 литріне 147,6 теңгеге дейін арзандады. АИ-95/96 бензинінің бағасы 3,8%-ға – литрі 168,6 теңгеге дейін; АИ-98 бензинінің бағасы – 3,4% – 1 литріне 185,9 теңгеге дейін төмендеген.

«Қазақстанда қазіргі таңда АИ-92 және АИ-95 бензиндерінің профициті байқалып отыр. Бұл мұнайшылар үшін жағымды жаңалық болмаса да, халық үшін жақсы», – дейді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Energyprom.kz-тің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысыы, Теректі ауданының Алғабас кентінің жанында Қазақстандағы төртінші МӨЗ салу жоспарланып отыр. Жоба құны – 420 млн АҚШ доллары. Жаңа МӨЗ шикізатты Қарашығанақ кен орнынан алады. Инвесторлар жаңа зауытты екі жылда салып, 2020 жылдың аяғына дейін іске қоспақ.  

Новости партнеров