Наурызда ұнның ең жоғарғы бағасы Нұр-Сұлтан мен Атырауда болған
Дәнді дақылдардан, өсімдік ұнынан жасалған ұн, ұсақ тартылған қоспалар өндірісінің көлемі биыл қаңтар-наурызда 881,4 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл 2018-2019 жылдарға қарағанда аз. Айта кетейік, үш жыл қатарынан осыған ұқсас кезеңде өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды.
Energyprom.kz мәліметінше, шығарылымның ұлғаюына қарамастан, 2022 жылдың наурызына қарай ұн бағасы бір жылда 15%-ға өсті, бұл ретте бір жыл бұрын 19%-ға, ал 2020 жылдың наурызына қарай 23,3%-ға қымбаттағаны байқалды.
Қазақстанның қалалары арасында 2022 жылдың наурыз айында жоғары сұрыпты бидай ұнының құны елордада (343 тг/кг), Атырауда (327 тг/кг) және Алматыда (312 тг/кг) тіркелді. Ең төменгісі – Павлодарда (194 тг/кг), Оралда (209 тг/кг) және Семейде (212 тг/кг).
Сондай-ақ бірінші сұрыпты бидай ұнының құны Ақтау (257 теңге), Нұр-Сұлтан (248 теңге) және Алматыда (236 теңге) ең қымбат болды. Петропавлда (139 теңге), Ақтөбе (145 теңге) және Қарағандыда (148 теңге) ең арзан.
Айта кетейік, биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан 104,8 млн АҚШ доллары сомасына 284,6 мың тонна бидай немесе қара бидай ұнын экспорттады. Біздің ұнның негізгі импорттаушылары Ауғанстан (204,9 мың тонна) және Өзбекстан (56,6 мың тонна) болды. Сондай-ақ айтарлықтай көлемдер Түркіменстанға (10,7 мың тонна), Ресейге (6,3 мың тонна) және Тәжікстанға (5 мың тонна) жөнелтілді.