|
01.09.2023 | 11:29
2687

Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс - Президент

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда айтылған міндеттерді орындаудың нақты мерзімін белгіледі

Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс - Президент yvision.kz

Аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда, Президент биылғы Жолдауда айтылған міндеттерді орындаудың нақты мерзімін белгіледі.

«Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі», - деді Мемлекет басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир