Экономикаға жеткілікті қаражат салынбай жатыр – Президент

elements.envato.com
elements.envato.com
Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикаға жеткілікті қаражат салынбай жатқанын сынға алып, жаңа инвестициялық кезеңді бастау керегін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіру саласындағы жобалардан түскен пайда қайтадан инвестиция ретінде экономикаға салынып жатқанын айтты.

- Тікелей шетел инвестициясы, негізінен, осы қаражаттың есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестицияның ішкі жалпы өнімге шаққандағы үлесі азайып барады. Бұл күрделі жағдай деуге болады. Себебі экономикаға жеткілікті қаражат салынбай жатыр. Соның салдарынан алдағы жылдары елдің даму қарқынын сақтап тұрудың өзі қиын болуы мүмкін, - деді Президент.

Сондықтан Президент ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек екенін атап өтті.

- Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Даму институттарының жұмысын жандандырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет. Ең бастысы, Инвестициялық штаб қажетті шешімді дер кезінде қабылдауы керек, - деді Мемлекет басшысы.

Новости партнеров