Ұлттық статистика бюросы есебінше Алматы ЖІӨ бойынша алда келеді
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанның 2022 жылғы жалпы ішкі өнімі 103,7 трлн теңге болды. ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 3,2%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ретте 2022 жылға арналған ЖІӨ көрсеткіші бойынша Алматы қаласы ең үлкен үлеске ие – 18,5%, одан кейін Атырау облысы – 13,2%, елорда 10,3% көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеп тұр. ЖІӨ-дегі ең аз үлес Жетісу өңірінде – 1,4%.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 2022 жылы 5 284,7 мың теңге болды. Өңірлер бойынша жетекші орындарды Атырау облысы (19 974,1 мың теңге), Алматы қаласы (8 985,6 мың теңге) және Астана (8 053,9 мың теңге) алады.
Соңғы орындарда Жамбыл облысы (2212,2 мың теңге), Жетісу (2042,1 мың теңге) және Түркістан облысы (1671,8 мың теңге) тұр.
Статистика мамандарының мәліметінше, ЖӨӨ өсімінің жоғары қарқыны Ақмола облысында (7,7%), Шымкентте (6,8%) және Солтүстік Қазақстан облысында (5,6%) байқалады. Бұл ретте 2022 жылы ЖІӨ-дегі байқалмаған экономиканың үлесі 18,78% болды және өткен жылмен салыстырғанда 0,97% төмендеді.
-Жалпы өңірлік өнімдегі бақыланбайтын экономиканың ең үлкен үлесі Түркістан (33,93%), Жетіс (32,00%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (24,07%), ең азы Маңғыстау (12,97%), Ұлытау (12,97%) және Атырау (11,19%) облыстарында байқалады, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстан азаматтары қай салаларда жиі жұмыс істейтінін хабарлаған еді. Қазақстанның жұмыспен қамтылған әр алтыншы азаматы саудамен айналысатыны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:Алматы қаласы бойынша 28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамы