Алтынға инвестиция салу – ұзақмерзімді инвестициялаудың бір әдісі
Инвесторлардың жинағын арттыру үшін қолданатын әдістерінің бірі - алтын құймаларын сатып алу. Алтын құймалардың өз артықшылықтары мен коллекциялық құндылығы бар. Алтын құймаларына инвестиция салудың артықшылықтары қандай және оларды сатып алмас бұрын не білу керек? Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, биыл еліміздегі алтын құймаларын ең көп сатып алған - Алматы (22 161 дана немесе 66%) тұрғындары. Бұл тізімде одан кейін Шымкент (4 034 дана, 12%), Жетісу облысы (2 498 дана, 7%) және Астана (1 249 дана, 4%) қаласы тұр.
Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктер және жекелеген банктік емес айырбастау пункттері жалпы салмағы 1,6 тонна болатын 33 721 (оның ішінде: 18 969 дана – I тоқсан, 14 752 дана – II тоқсан) өлшеуіш құйма сатқан.
Қазақстанда алтын құймаларының бағасы қанша тұрады?
Ұлттық банк 1 грамм алтынның теңгедегі бағалау құны туралы мәліметтерді күн сайын жариялап тұрады. Соған сүйене отырып, сіз алтын жинақтарыңыздың құны қаншалықты өзгеріп жатқанын қадағалап, олардың кірістілігі бағалауын анықтай аласыз.
2023 жылдың тамыз айындағы 1 грамм алтынның теңгедегі құны.
Алтын құймалардың бағасы не нәрсеге негізделіп қойылады?
Сертификатталған аффинирленген алтын құймалардың (немесе өлшеуіш құймалар) құны бір троя унциясы үшін Лондонның Бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген АҚШ долларындағы алтынның таңертеңгі фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамына байланысты болады. Өлшеуіш құймалардың бағасы күн сайын өзгеруі мүмкін. Бұл ретте екінші деңгейлі банктер және банктік емес айырбастау пунктері өлшеуіш құймалардың бағасын дербес белгілейді.
Қазақстандықтар көбіне қандай алтын құйманы сатып алады?
Бағдарлама іске қосылғалы 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін салмағы 100 грамдық құйма сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие. Оның сатылған жалпы көлемі 25% – 46 007 дана. Одан кейін 10 грамдық құйма – 45 781 дана (25%), 5 грамнан – 41 592 дана (22%), 20 грамнан – 29 796 дана (16%) және 50 грамнан – 22 119 дана (12%).
Қазақстандықтар алтын құймаларды кімге сата алады?
Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерден немесе банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алынған өлшеуіш құймалардың одан әрі сату тәртібін регламенттемейді. Осылайша, Азаматтық кодекске сәйкес, меншік иесі сатып алынған өлшеуіш құймаларды беруге, сыйға тартуға және сатуға құқылы.
Бұл ретте өлшеуіш құймаларды сату және сатып алу тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктермен және банктік емес айырбастау пункттерімен жасалған шартпен реттеледі.
Алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің басты факторы – арнайы қаптаманың тұтастығын сақтаған жағдайда, екінші деңгейлі банктер және банктік емес айырбастау пунктері ақшасын клиентке сол күні төлей отырып, құймаларды кері сатып ала алады.
Алтын құймаларға инвестиция жасаудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Алтынға инвестиция салу – ұзақмерзімді инвестициялаудың бір әдісі. Ол сақтауға ғана емес, сонымен бірге жинақтарды сауатты тәсілмен көбейтуге көмектеседі. Алтынның бағасы белгілі бір елдің экономикалық жағдайына тәуелді емес және алтынның сақтау мерзімі де болмайды.
Алтынға инвестиция салған кезде оның бағасы көтерілуі де, төмендеуі де мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Тиісінше, қандай да бір инвестициялау түріндегідей, алтынға байланысты инвестицияларда да толыққанды ескерілуі қажет тәуекелдер бар.
Алтын құймаларды Қазақстаннан шетелге шығаруға бола ма?
Президенттің №830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық алтын құймаларын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынады.
Алтын құймаларды қалай сақтау керек?
Әрбір өлшеуіш құйма қорғаныс элементтерімен (құймалардың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі), механикалық зақымданудан қорғайтын және қаптаманың ашылған-ашылмағанын тексеруді жеңілдететін арнайы қаптамада шығарылады. Қорғаныс қаптамасы да сапа сертификаты болып табылады. Осыған байланысты құйманы мұқият сақтау және қаптаманы ашпау ұсынылады.
Сондай-ақ арнайы қаптаманың тұтастығын көрсеткен кезде, екінші деңгейлі банктер алтын құйманы ұзақмерзімді сараптамасыз оны сатып алуға міндетті екенін білдіреді.
Алтын құймаларды сатып алу және сату кезінде салықтар қолданылады ма?
Ұлттық банктің инвестициялық монеталары сияқты, Ұлттық Банк шығаратын аффинирленген алтын құймаларына қосымша құн салығы салынбайды.
Жеке тұлғаларға алтын құймаларына минималды инвестиция көлеміне қатысты шектеулер бар ма?
Ұлттық Банк өлшеуіш құймаларды екінші деңгейлі банктер және банктік емес айырбастау пунктері арқылы өткізеді. Сондықтан Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктер және банктік емес айырбастау пунктері арқылы сату көлеміне шектеу белгілемейді.
Алтын құймаларына инвестиция жасаушыларға Ұлттық банк ұсынатын кеңес беру қызметтері бар ма?
Екінші деңгейлі банктер немесе банктік емес айырбастау пунктерімен өлшеуіш құймаларды сату және сатып алу жөнінде шарт жасаспас бұрын Ұлттық банк арнайы қорғау қаптамаларын қоса алғанда, өлшеуіш құймалардың физикалық сипаттамаларымен және сыртқы түрімен танысу үшін қызметкерлерді оқытып алады.
Өлшеуіш құймаларды екінші деңгейлі банктер және банктік емес айырбастау пунктері клиентке (заңды және жеке тұлғаларға) одан әрі сату процесін және өлшеуіш құймалардың физикалық сипаттамаларымен де, сыртқы түрімен де танысуды дербес жүзеге асырады.
Оқи отырыңыз: Танысына қарызын қайтармаған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды