ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің мәлеметінше, барлық өңірлерде аталған азық-түлік тауарлырының құны инфляциядан асады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бағаның шарықтауы ең алдымен елордада байқалады. Онда 15,1 пайызға өскен. Одан кейін Жезқазған, үшінші орында Талдықорған қаласы тұр. Жалпы республика бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арасында пияз 79 пайызға, сәбіз 59,3, картоп 32,9, күріш 23,8 және бірінші сұрыпты ұн 15,3 пайызға өскен екен. Ұлттық экономика министрінің сөзінше, инфляцияны берілген дәлізде ұстап қалу үшін 10 тауарды анықтаған. Олар – пияз, сәбіз, картоп, қызылша, күріш, ұн, жылқы еті, қой еті, сиыр еті және ас атасы нан. Тауарлардың осы тобы бойынша күшейтілген бақылау жүргізу, сондай-ақ олардың бағаларын төмендету бойынша шаралар қабылдау ұсынылады, деді министр.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар құны
НҰР-СҰЛТАН - 15,1%
ЖЕЗҚАЗҒАН - 11,8%
ТАЛДЫҚОРҒАН - 10,4%
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар құны
пияз - 79%
сәбіз - 59,3%
картоп - 32,9%
күріш - 23,8%
бірінші сұрыпты ұн - 15,3%