2022 жылдың наурыз айында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы - 275 438 мың теңге
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2022 жылдың наурыз айында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 438 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бюро мәліметінше, 2022 жылдың ақпанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары - 143 246 теңге. Бұл 2021 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 17,3 пайызға жоғары. Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 7,9 пайызға артты.
2022 жылғы наурызда жұмыссыздар саны 457,4 мың болса, жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9 пайызын құрап отыр. 2022 жылғы наурыздың аяғында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адам саны 175 мыңға жетті.