Елімізде доллар бағамы бірден 11,49 теңгеге қымбаттап кетті

10.03.2020 16:53

Соңғы айырбастау бағамы 382 теңге болған еді

Test.baigenews.kz

Бүгін Қазақстан Қор биржасы бір доллардың 393,5 теңгеге сатылып жатқандығын мәлімдеді. Соңғы айырбастау бағамы 382 теңге болған еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ұлттық валютаның құлдырауын сарапшылар әлемдегі мұнай бағасының төмендеуімен байланыстыруда. Экономикадағы мұндай өзгерістерге негізгі қара алтынды экспорттаушы елдердің мұнай өндіруді қысқартуға байланысты келіспеушіліктері себеп болып отыр.