Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды
Қазақстанда тамақ өнімдерінің, темекі және фармацевтикалық өнімдерінің өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
2020 жылғы қаңтар-тамызда 2019 жылдың қаңтар-тамызбен салыстырғанда металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдерінің, темекі бұйымдарының, фармацевтикалық өнімдерінің өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, мұнай өңдеу өндірісі төмендеді. Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды.