Премьер-министр: Газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етілетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында табиғи және тауарлық газдың бағасы екі жыл бойы 2021 жылғы баға деңгейінде сақталатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етілетін болады. Шикі және тауарлық газдың бағасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен жылғы желтоқсан деңгейінде бекітілетін болады», - деді Үкімет басшысы. 

Сондай-ақ ол тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және олардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданатынын жеткізді.

Новости партнеров