|
30.01.2019 | 12:15
2104

Биыл Қазақстан толықтай өз бензині мен дизель отынын тұтынады - Үкімет

По его словам, 2018 год стал рекордным по ключевым показателям данного сектора.

Биыл Қазақстан толықтай өз бензині мен дизель отынын тұтынады - Үкімет

Биылдан бастап Қазақстан өз бензинімен және дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, экономикалық өсімнің драйвері ретінде отын-энергетикалық кешен сақталып отыр. 2018 жылы осы сектор негізгі көрсеткіштер бойынша рекордты болды.

«90 млн тоннадан астам мұнай мен 55 млрд текше метрден астам газ өндірілді. Мұнай өңдейтін барлық үш зауытты жаңғырту жұмыстары аяқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі мұнай өнімдеріне бөлшек баға өсімі байқалған жоқ. Биылдан бастап бензин, дизель отыны, авиакеросин мен битумге ішкі қажеттілік қамтамасыз етіледі», - деді Е. Досаев.

Сонымен қатар, ол өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсім 4,1 пайызды құрағанын, ал осы өсімнің 70 пайызы шикізаттық емес сектордың есебінен қамтамасыз етілгенін еске салды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

топливо
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир