2020 жылы Алматының Индустриалдық аймағында алты шағын өнеркәсіптік саябақ іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта құрылысшылар («KazStroyTrade» ЖШС, «D&J «Industries & Logistic» ЖШС, «Атрикс-Строй» ЖШС, «Metall con.» ЖШС, «Ala Estate» ЖШС, «ADS Industries» ЖШС) жобалық жұмыстарды аяқтап, учаскелердегі құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісуді жоспарлап отыр. Өндірістік үй-жайлардың жалпы ауданы – 28 мың м2. Онда құрылыс, жиһаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында 70-ке жуық өндіріс орналасады. 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдікті шарттармен: девальвациялық тәуекелдерге қарамастан, 5-7 жыл мерзімге бекітілген жалдау мөлшерлемесі бойынша беріледі. Жалға алу құны – 1 м2-ге 1000-1200 теңге. Сатып алу құны – 1 м2-ге 145 мың теңгеге дейін. Алматы қаласының Индустриалдық аймағы аумағындағы шағын өнеркәсіп паркіне қатысуға 56 компания қызығушылық танытып отыр. Өнеркәсіптік парктер жобаларын іске асырудың артықшылықтары: қалада бос тұрған өндірістік және әкімшілік үй-жайларды айналымға енгізу; іскерлік белсенділігі төмен аудандарда бизнес ашуға және дамытуға жәрдемдесу (жаңа жұмыс орындары, салықтар); 2-7% мөлшеріндегі қаржыландырудың жеңілдікті мөлшерлемелері.
Қазіргі таңда Алматы қаласының Наурызбай ауданында екі өнеркәсіптік саябақ («БротМастер» ЖШС және «Ala Estate» ЖШС) және Түрксіб ауданында бір өнеркәсіптік саябақ («Samruk Group» ЖШС) жұмыс істейді. Онда жиһаз, галантерея, сусындар, кофе қуыру өндірісі бар. Әлеуетті қатысушылармен қағаз, спойлерлік өнім және т. б. өндірісін орналастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
«Алматы Индустриалдық аймағы 2012 жылы құрылды. Аймақтың жалпы аумағы – 490 га. Оның ішінде жобалар үшін 326 га (инфрақұрылымға 164 га) бөлінді. Бүгінгі таңда инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 271,7 га (еркін 54,3 га) бөлінді. 58 компания резидент, оның ішінде 18 компанияда шетелдіктердің (Қытай, Ресей, Жапония, Иран, Малайзия, БАӘ, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ) қатысы бар. Олар 260 млрд. теңгеге инвестиция салып, 8,5 мың жұмыс орны ашылады», - делінген ақпаратта.
12 кәсіпорын («BRBAPK» ЖШС, «Almapack Co.LTD» ЖШС, «DOC Co.ЖШС», «KMK Investment» ЖШС, «KazTigerTape» ЖШС, «ASSET» ЖШС, «ЭНКО» ЖШС, «Эйжа Стил Пайп Корпорэйшн» ЖШС, «Техновид» ЖШС, «МПЗ Бижан» ЖШС, «Алмерек» ЖШС) пайдалануға берілді. Жалпы инвестиция сомасы – 68,8 млрд теңге. 1864 жұмыс орны ашылып, 1,9 млрд теңге салық төленді. 62,3 га аумақ игерілді.
«2020 жылы құрылыс белсенді жүргізіліп жатқан 10 жобаны (Hyundai Trans Kazakhstan, Каз-Диа-Тест, А.Ж. Высотник, СК Рахат, Дор-Хан – Алматы, Сити Стоун, ТЕХНОКОНТ, Электробар, КазПромВент, SAVENERGY) іске қосу жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы сомасы 30,5 млрд теңгені құрап, 1 140 жұмыс орнын құрылады. 2021 және одан кейінгі жылдары 159,5 млрд теңгеге 36 жобаны іске қосу жоспарда бар. Оларда 5 450 жұмыс орнын ашылады», - делінген хабарламада.
Алматы Индустриалдық аймағының аумағында Техновид, ҚМК Investment, BRB APK, Doc Co. Ltd, ЭНКО, МПЗ Бижан, Hyundai Trans Kazakhstan, Дор-Хан-Алматы сияқты компаниялардың және «Astana Invest» корпорациясы, ЭКО СТАР БОЙЛЕР, Алматы жылу оқшаулағыш зауытының жоғары технологиялық жобалары іске асырылады. 20 кәсіпорын экспортқа бағытталған өнім шығаруды жоспарлап отыр.