Аталған шара инфляцияның өсу қарқынын ұстап тұруға бағытталмақ
Еуропаның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемен осымен оныншы рет көтергелі отыр. Бұл туралы қаржылық ұйымның басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған шара инфляцияның өсу қарқынын 2 пайыз деңгейінде ұстап тұруға бағытталмақ. Әзірге бұл меже – 5 пайыз. АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі де осы саясатты ұстанбақ ниетте. Олар биыл мөлшерлемені 12-рет көтереді. Федералдық резерв жүйесінің басшысы Джером Пауэлл қатаң экономикалық саясат жүргізу – мәселені шешудің бірден бір жолы деп мәлімдеді.
- Федералдық резерв жүйесінің міндеті – инфляция өсімінің қарқынын 2 пайызға дейін төмендету. Соңғы кезде біз қаржылық саясатты едәуір қатаңдаттық. Инфляция шырқау шегіне әлі жетпесе де, қазіргі қалпы біз үшін тым жоғары болып саналады. Қажет болса, біз мөлшерлемені әрі қарай да көтеруге дайынбыз,-деді Федералдық резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл.
Оқи отырыңыз:Алматыда доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр