Қазақстан жанармайы Еуропаға экспортталады

22.06.2019 02:04

Бүгінде Қырғыз және Беларусь елдерімен келіссөздер жүріп жатыр

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев отандық жанармай өзге елдерге саудаланатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгінде нақты Қырғыз және Беларусь елдерімен  келіссөздер жүріп жатқанын айтқан Қ.Бозымбаев барлығы дұрыс шешілген жағдайда, жанар-жағармайдың экспортқа шығатынын қуана жеткізді. Ел шенеуніктері қос мемлекетке «реэкспорт» жасамау, яғни бізден сатып алынған жанар жағармайдың бұл түрін үшінші тарапқа сатпау туралы келісім жүргізуде. Сонымен қатар, министр бензин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдерге де жеткізілетінін тілге тиек етті.

«Әлі алдымызда біраз келіссөздер бар. Жанармайды Орталық Азия және Еуропа елдеріне де экспорттаймыз. Оларға тауар Атырау мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілетін болады», – деді  ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.