Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан келген шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты. Соның ішінде Алматыдағы шығын көлемі 102,2 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтрадағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 4 833 қоңырау түскен, оның 1988-і – мародерлік мәселелер бойынша түскен шағымдар. Сондай-ақ форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946.
«Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге)», – делінген «Атамекен» хабарламасында.
Еліміздің 11 өңірі бойынша 1885 нысанда орналасқан 1615 бизнес субъектінің зардап шеккені анықталды, соның ішінде Алматы қаласында 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект зардап шекті.
«Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482; қоғамдық тамақтану – 44; қаржы секторы – 61; логистика – 23; БАҚ – 5», - делінген хабарламада.