|
07.04.2022 | 12:25
712

Елімізде бидай бағасы 1,5% өсті

Бір жыл ішінде өсім 20,1%-ға жетті

Елімізде бидай бағасы 1,5% өсті  Фото: ашық дереккөзден

Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бидай бағасы 1,5%-ға өсті. Бір жыл ішінде өсім 20,1%-ға жетті. Жалпы, дәнді дақылдар бойынша баға өсімі 18,1%, ал ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша 17% ғана болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда бидай егіс көлемі 12,9 млн гектарды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға артық. Егіс көлемінің ұлғаюы екінші жыл қатарынан байқалуда. Сонымен қатар, егістік көлемінің өсуіне қарамастан, 2021 жылы жалпы бидай түсімі бірден 17,1%-ға, яғни 11,8 млн тоннаға дейін қысқарды. Саладағы экспортқа келетін болсақ, ол да жалпы өнім көлемінің қысқаруына қарамастан өсті: 2021 жылы – 10,3%-ға, 5,8 млн тоннаға дейін (және 1,4 млрд АҚШ доллары). Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасынан сыртқы нарыққа 599,8 мың тонна бидай мен меслин жеткізілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 45,5 пайызға артық. Ақшалай есептегенде өсім одан да жоғары болды – бірден 87,2%-ға, 177 млн АҚШ долларына дейін. 

Атап айтқанда, ТМД елдеріне экспорттық жеткізілім бағасы 21,8%-ға, әлем бойынша 10,8%-ға өсті. Импортқа келетін болсақ, бұл салада Ресей енгізген дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салуға байланысты көлемнің азаюын күтуге болады. Тиісінше, біздің нарыққа ресейлік астықтың ағыны да азаюы керек. Наурыз айының қорытындысы бойынша бидайдың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші бағасының күрт өсуі байқалмады: әзірге айына +1,5%. Алайда, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай 20,1%-ға өсті. Жалпы, дәнді дақылдар бойынша баға өсімі 18,1%, ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша 17% ғана болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир