2022 жылдың қаңтар айында ҚР-да 6,7 млн тонна шикі мұнай өндірілді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 14,2%-ға көп, деп хабарлайды Almaty.tv EnergyProm-ға сілтеме жасап.
Өңірлік бөліністе мұнай өндірудің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Атырау облысына тиесілі: 4,6 млн тонна, плюс 23,4%. Көшбасшылар үштігіне сондай-ақ Маңғыстау (1,4 млн тонна, жылына 0,5%) және Ақтөбе (395,5 мың тонна) облыстары кірді.
Өңірлерде «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» филиалы, «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ (Атырау облысы), «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС (Маңғыстау облысы) және басқа да компаниялар жұмыс істейді.
Жалпы 2021 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында кәсіпорындар 73,7 млн тонна шикі мұнай өндірді — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан 31,1 млрд АҚШ долларын құрайтын 65,7 млн тонна шикі мұнайды экспортқа жіберді.
ТМД елдеріне 54,6 млн АҚШ доллар сомасына 131,6 мың тонна шикі мұнай жіберілді. Бұл көлемді Ресей мен Өзбекстан бөліп алған.
Қазақстан ТМД-ға кірмейтін елдерге 31 млрд АҚШ доллар сомасында 65,6 млн тонна шикі мұнай экспорттаған. Оның басым бөлігі әдеттегідей Италияға жіберілген: (17,9 млн тонна). Одан кейін Нидерланды, Франция, Қытай мен Түркия тұр.
Investfunds мәліметінше, мұнай баррелі 2022 жылдың 4 наурызында 118,1 АҚШ долларын құраған. Бір күнде баррель құны 6,9%-ға, бір айда 32%-ға, үш айда 69%-ға, бір жылда 77%-ға өсті.