Доллар құны 409 теңгеге жетті

13.03.2020 17:28

Мамандар бұл әлемдік мұнай бағасының күрт арзандауымен байланыстырып отыр

Yandex.by

АҚШ валютасы күн санап қымбаттап барады. Бүгінгі сауда бойынша ақша айырбастау пунктерінде доллар 409 теңгеден сатылып жатыр. Мамандар бұл әлемдік мұнай бағасының күрт арзандауымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өткен аптаның соңында Венада ОПЕК, Сауд Арабиясы және Ресей мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндірісті азайтуға келіссөз жүргізген. Бірақ Венадағы жиында тараптар келісе алмады. Кремль ОПЕК ұсынысын қолдамады. Осыдан соң Сауд Арабиясы  Азия үшін мұнай бағасын барреліне 3-4 долларға, АҚШ үшін 7 долларға дейін түсіріп жіберген болатын.