Министр жанармай бағасын реттеу жолдарын айтты

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жанармай бағасындағы диспропорция көлеңкелі нарықты нығайтып, ұлттық экономикаға, мүддеге кері әсерін тигізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов бензин мен дизель отыны қымбаттайтынын мәлімдеп, екеуін бұрынғы бағада қалдыру жақын арада жанармайдың толық тапшылығына ұшырауға әкелетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

"Ішкі жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығын азайту қажет. Сондықтан біз қиын, бірақ қажетті қадам жасауымыз керек: АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге баға литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін жеткізілмек (өңірге байланысты), өсім - 11 пайыз. Дизель отынының бағасы литріне 295 теңгені құрайды, орташа есеппен өсім - 20 пайыз. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр. Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады", - деді Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз.

Бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге "ағын" жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер нәтиже бермейтіні анық.

Жанармай бағасындағы диспропорция көлеңкелі нарықты нығайтып, ұлттық экономикаға, мүддеге кері әсерін тигізеді.

Жанармай бойынша төмен бағаны сақтау мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрі отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстандағы ЖЖМ бағасын реттеу шараларын атап өтті:

– жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыиым салынды;  

– ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды;

– мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды.

"Бұдан басқа, өткен жылдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 тг.) және лимиттер (300 литрге дейін) енгіздік.  Бірақ барлық шектеуге қарамастан, "көлеңкелі экспорт" арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды. Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау үшін Біз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отырдық", - деп атап өтті Энергетика министрі.

Оның айтуынша, ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз, оны мойындау керек – бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет. Оның ішінде – АИ-92 и АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%. Сол сияқты, дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%.

Новости партнеров