Бірінші кезекте өнеркәсіптік қауіпсіздікке мән беріледі
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде "АрселорМитал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- Қазір біз компанияны атай алмаймыз. Бірақ кәсіпорынды отандық инвестор нарықтық бағамен сатып алады, - деді Роман Скляр.
Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
- Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады, - деді Роман Скляр.
Оқи отырыңыз:Әлихан Смайылов Қытайға сапармен барды