Экспортқа шығатын дақылдарды егуге айрықша көңіл бөлу керек - Әлихан Смайылов

10.03.2022 17:33

Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды

qazaqstan.tv

Өнімді көп беретін және экспортқа шығатын дақылдарды егуге айрықша көңіл бөлу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазір бүкіл әлемде ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс күн санап артып келеді. Сұранысқа сай оның бағасы да қымбаттап барады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы өнімінің ішкі тұтынуын да, экспорттық әлеуетін де қамтамасыз ету – аса маңызды мәселе», - деді Ә. Смайылов.

Айта кетейік, Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.  

Теги: экспорт