ОСК президент сайлауын өткізуге 12 млрд теңге сұрады

11.04.2019 18:53

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов Парламент Сенатының кулуарында кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 12 млрд теңге қажет болуы мүмкін екенін айтты.

«Бүгінде резерв қалдығы – 51 млрд теңге. Бүгінде сайлау үшін ОСК 12 млрд теңге бөлу жөнінде өтінішхат енгізді. Есептеулерді бағалау, негізділігін тексеру жүргізіліп жатыр. Қорытындысын хабарлаймыз. Сома қысқаратын шығар. Сұралған соманың 70%-ы сайлау окургтерінде жұмыс істеуге тартылған тұлғалардың жалақысына бөлінеді. Олардың саны қанша екенін айта алмаймын. Егер барлық есептеулер ұсынылатын болса, біз екі күннің ішінде талдау жасап, қорытынды береміз», - деп айтты Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, былтыр бюджеттен 2020 жылы өтетін президент сайлауына 8,8 млрд теңге бөлінген. 2019 жылы 1 қаңтарда ең төменгі жалақы мөлшері көбейген соң сома көбейіп отыр.

Осыған дейін әрбір президенттікке кандидатқа сайлауалды жұмыстар үшін 7,5 млн теңге бөлінетіні хабарланған болатын. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуір күні 18.00-де аяқталады.